Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
 


Балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:    
1) б/б қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды;    
2) ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);    
3) баланың тууын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);    
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 5 бұйрығымен бекітілген «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысанды есепке алуды толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көзделген нысан бойынша баланың денсаулығы паспорты. 469 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);      
5)  бала денсаулығы жайында анықтама;      
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).  



Қызмет берушінің жұмыс кестесі:


Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Қосымша ақылы қызмет: логопед.