«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы» МКҚК 2026 жылғы 04-12 қараша аралығында бос және уақытша бос лауазымдарға орналасуға жарияланған конкурстың қорытындысы шығарылғанын хабарлайды (Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 19 қарашадағы № 2 хаттамасы).

Құжаттарды қарау және біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия келесі кандидаттарды жұмысқа қабылдауға ұсынды:

• Тәрбиеші (қазақ тілінде оқытатын): Дилназ Русланқызы Еркебай, Науша Бариевна Садвакасова;

• Тәрбиеші (орыс тілінде оқытатын): Мария Николаевна Костяная;

• Психолог: Айдана Маратовна Хамзина;

• Логопед: Полина Сергеевна Рыбникова;

• Музыкалық жетекші: Асем Адаевна Мунайдарова.

Психологтың екінші бос бірлігіне өтінімдердің болмауына байланысты аталған лауазым бойынша конкурс Enbek.kz порталында қайта жарияланатын болады.

«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы» МКҚК әкімшілігі конкурстық іріктеуден сәтті өткен кандидаттарды құттықтайды!

▲