«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: 150009 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 201А; тел.51-87-94, 51-78-83, электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. педагогтердің бос және уақытша бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:

лауазымның атауы апталық оқу жүктемесі бос лауазымның мерзімі
1 тәрбиеші 24 сағат бос лауазым
2 музыкалық жетекшісі 24 сағат бос лауазым
3 дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы 24 сағат бос лауазым
4 дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы 24 сағат бос лауазым

Базалық лауазымдық жалақысы біліміне байланысты (орта арнайы/ жоғары) қосымша ақыны есептемегенде (біліктілік санаты, ЕББҚ бар балалармен жұмыс) және тәрбиеші, музыкалық жетекші және дене шынықтыру нұсқаушысы үшін жұмыс өтілі 108000 теңгеден 175000 теңгеге дейін.

Тәрбиеші лауазымына үміткер кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін – 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

Білуге тиіс: 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

педагогикалық этиканың нормалары;

психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:

балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен,

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Музыкалық жетекшісі лауазымына үміткер кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Білуге тиіс: 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

педагогикалық этиканың нормалары;

балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымына үміткер кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.

Білуге тиіс

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде);

педагогикалық этиканың нормалары;

санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері;

еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Лауазымдық міндеттері:

балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;

дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;

денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;

ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;

арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;

оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде электрондық немесе қағаз түрінде келесі құжаттарды ұсынады:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға кандидат Комиссияның қарауына біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) бере алады.

Құжаттар хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс: 150009 Қазақстан Республкасы, Солтүсті Қазақстан облысы, Н. Назарбаев көшесі, 201А; тел.51-87-94, 51-78-83, электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Анықтама үшін телефондар: 8 (7152) 51-87-94

Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен бұйрықтарына сәйкесөткізіледі.